Алаяқтар қазақстандықтардың ақшасын жымқырудың жаңа тәсілін ойлап тапты. Бұл туралы Бас прокуратураға сілтей отырып kznews порталы хабарлайды.
Алаяқтар жоғары жалақы көрсетілген жалған жұмыс туралы хабарландыру жариялап, тұрғындардың қызығушылығын оятқан. Хабарласқан жұмыс іздеушілердің деректерін алып, банк шоттарына қол жеткізген.
Әсіресе шетелде жұмыс істеу туралы ұсыныстарға хабарласқандар көп алданған. Әрі мұндай жұмыстар өте қауіпті. IT, қонақ үй немесе модельдік бизнеске шақырып, Оңтүстік-Азия елдеріне қара жұмысқа жегіп, сексуалды құлдықта ұстаған.
Жалпы кез-келген жұмыс іздеуші мына жайттарды есте сақтаған абзал: Құжат жібермес бұрын жұмыс берушінің заңдылығын және сайттың мекенжайын тексеріп алғаны дұрыс. Ешқашан оқу немесе виза үшін ақша аударуға болмайды. Күмәнді сілтемелерді ашпау керек. Бетбе-бет кездеспейінше, анықтап алмайынша келісімшартқа қол қойылғанға дейін жеке құжаттар мен банк деректерін бермеңіз.
Сондай-ақ егер шетелдегі туысыңыз күмәнді әрекет етсе (тұратын жерін көрсетпесе, бейнеқоңыраудан қашқақтаса), бұл алаяқтар болуы әбден мүмкін.
Күмән туған жағдайда бірден полицияға жүгініңіз.