Саясат

Санжар Боқаевқа жала жапқан блогер қыруар өтемақы төлейтін болды

Санжар Боқаевқа жала жапқан блогер қыруар өтемақы төлейтін болды

30 шілдеде Алматы қаласының Бостандық аудандық соты Санжар Боқаевтың блогер Антон Бударовқа қарсы талап-арызы бойынша шешім шығарды. Бүгін шешім заңды күшіне енді, деп хабарлайды Kznews.kz

ТОЛЫҒЫРАҚ

Сот Бударовтың 2024 жылдың 6 қыркүйегінде YouTube арнасында жариялаған бейнеролигінде таратылған мәліметтер шындыққа сәйкес келмейді және Санжар Боқаевтың ар-намысы мен іскерлік беделін қорлайды деп шешім шығарды.

СОТ НЕНІ МІНДЕТТЕДІ

Сот Антон Бударовты:

  • «Антон Бударов» арнасындағы видеоны өшіруге;

  • «Сот мені Боқаев Санжар Омарұлына қатысты шындыққа жанаспайтын мәліметтерді жоққа шығаруға міндеттеді» деген атаумен 20 минуттық ресми видео жариялауға;

  • Санжар Бокаевқа 500 000 теңге көлемінде моральдық зиянды өтеуге және сот шығындарын төлеуге міндеттеді.

Осылайша, іске нүкте қойылды: Бударовтың жалған айыптаулары мен манипуляциялары сот арқылы ресми түрде жоққа шығарылды.

- Нәтиже біреу — Антон Бударовқа сенуге болмайды. Оның сөздері сот шешімі бойынша жала деп танылды, ал Санжар Боқаевтың аты мен беделі заңмен қорғалды, – дейді адвокат Мұрат Адам.

Адвокаттың айтуынша, ендігі негізгі кезең – сот шешімін орындау.

- Бұл Антошаға мүлде ұнамайды, – деп түйіндеді Мұрат Адам.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz