"Ұлттық қор – балаларға": әр балаға 130,71 доллар аударылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Санжар Тәшкенбайдың жеке бапкері ұлттық құраманың тізгінін ұстады

Санжар Тәшкенбайдың жеке бапкері ұлттық құраманың тізгінін ұстады
Фото: ҚБФ

Қазақстан ерлер бокс құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов қызметінен кеткені белгілі болды, деп хабарлайды kznews.kz.

Тәжірибелі маман ұлттық құраманы Париждегі сәтсіз өнер көрсетуден кейін қайта тізгіндеген болатын. Алайда денсаулығына байланысты ол бұл қызметті жалғастыра алмады.

Ресми мәліметте Қайрат Сәтжановтың жетекшілігімен Қазақстан ерлер құрамасының көптеген халықаралық жарыстарда жоғары нәтиже көрсетіп, әлем чемпионаттарының жүлдегері атанғаны атап өтілген. 35 жылдан астам еңбек өтілі бар жаттықтырушының отандық боксқа сіңірген еңбегі ерекше бағаланып, оған бокс қауымдастығы атынан алғыс айтылды.

Айта кетейік, Сәтжанов бұған дейін де денсаулығына байланысты бас бапкерлік қызметтен кеткен. Ол 2021–2023 жылдары да ұлттық құраманы басқарған.

Өткен жылы оның жетекшілігімен Қазақстан құрамасы Ливерпульде өткен әлем чемпионатында төрт алтын медаль жеңіп алып, тарихи нәтижеге қол жеткізген еді.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.