Қазақстандық боксшы Санжар Тәшкенбай Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының ширек финалында өнер көрсетті, деп хабарлайды kznews.kz.
50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде екі дүркін әлем чемпионы және 2022 жылғы Азия чемпионы Санжар Тәшкенбай жартылай финалға жолдама үшін үндістандық Вишванат Сурешпен кездесті. Үш раундтың қорытындысы бойынша төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен (5:0) Суреш жеңіске жетті. Үшінші раундта ол Санжарды нокдаунға түсірді.
Осылайша, үндістандық боксшы жартылай финалға шығып, кем дегенде «қола» жүлдені қамтамасыз етті, ал Санжар Тәшкенбай жарысты жүлдесіз аяқтады.