Министрлерді «бас ұстаз» деп атауға кім рұқсат берді? – тележүргізуші
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Санжар Бокаевқа қандай айыптар тағылғаны белгілі болды

Санжар Бокаевқа қандай айыптар тағылғаны белгілі болды
Фото: YouTube видеодан скриншот

Қазақстан Бас прокуратурасы қоғам белсендісі Санжар Бокаевқа қатысты күдік мән-жайын жариялады, деп хабарлайды kznews.kz.

Бас прокурордың орынбасары Ерлан Өтегеновтің айтуынша, Санжар Бокаев ірі көлемдегі қаражатты алаяқтық жолмен иемденді және ағаштарды заңсыз кесуді ұйымдастырды деген күдікке ілінген. Бұл деректер оның ұлттық компанияда жұмыс істеген кезеңіне қатысты екені айтылды.

Сонымен қатар бұған дейін ол әлеуметтік желілерде жалған ақпарат таратып, қоғамда теріс пікір қалыптастыруға тырысқаны хабарланған. Атап айтқанда, саябақтағы ағаш кесу және құрылыс нысандарындағы ұрлық туралы бейнематериалдар жариялаған.

Қазіргі уақытта күдікті ұсталып, сот шешімімен екі айға қамауға алынған.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.