Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"Шаншар" жабылуы мүмкін": Уәлибек Әбдірайымов сұмдық хабарды айтты (ВИДЕО)

"Шаншар" жабылуы мүмкін": Уәлибек Әбдірайымов сұмдық хабарды айтты (ВИДЕО)
ашық дереккөзден

Белгілі әзілкеш, "Шаншар" театрының директоры Уәлибек Әбдірайымов AIRAN бағдарламасына берген сұхбатында театрдың қазіргі жай-күйі мен болашағына қатысты ашық пікір білдірді, деп хабарлайды kznews.kz.

Халық сүйіспеншілігіне бөленген "Шаншар" театры соңғы жылдары жас актерлердің тапшылығына байланысты қиындық көріп отырғанын өнер иесі жасырмады. Жүргізуші "Театр жабылып қалуы мүмкін бе?" деп сұрағанда, әзілкеш шындықты бүкпесіз айтты.

"Иә, егер жастар келмесе, жабылуы мүмкін. Біз жиырма жылдықта қояйық деп ойлағанбыз. Жиырма бес жылдықты да өткіздік. Ширек ғасырды аттайық, сосын қоямыз-ау дедік. Отыз жылдыққа да келдік. Сонда менің сахнада айтқан сөзім: "Қояйық деп жүрміз, бірақ мына сіздер қойдыра алмай жатырсыздар. Мына келгендеріңіз үшін қоя алмай жатырмыз". Ал енді ол сиреп кетсе неге қоймайсың?" – деді Уәлибек Әбдірайымов.

Сондай-ақ ол "Шаншардың" қазақ мәдениетіндегі орнына да тоқталды.

"Қоясың ғой. Біздің ешқандай ренішіміз жоқ. Ешқандай көрерменге де, ешкімге де ренішіміз жоқ. Ал енді мен кейде ойлаймын, өзің сияқты білікті мамандар айтады: "Қазақ өнерінде "Тамаша" секілді тарихта қалатын болдыңыздар" деп. Ұмыт қалуымыз да мүмкін", – деді әзілкеш.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер