Ислам Чесноковтың жеңіс голы шотландықтарды тәнті етті
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Шаңғы жарысынан соңғы жүлде жиынтығы сарапқа салынды

Шаңғы жарысынан соңғы жүлде жиынтығы сарапқа салынды
Фото: Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитеті

Бүгін XXV қысқы Олимпиада ойындарында шаңғы жарысынан соңғы жүлде жиынтығы сарапқа салынды, деп хабарлайды kznews.kz.
ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, әйелдер арасында классикалық мәнерде 50 шақырым қашықтыққа еліміздің атынан Надежда Степашкина мен Анна Мельник қатысты. Нәтижесінде Надежда Степашкина 31, Анна Мельник 35-орынды місе тұтты.

Бұл жарыста Эбба Андерссон (Швеция) алтын алса, Хейди Венг (Норвегия) пен Надя Келин (Швейцария) одан кейінгі орындарды өзара бөлісті. 

Айта кетсек, шаңғы жарысынан ұзақ жылдан бері Солтүстік Еуропа аумағында орналасқан Скандинавия түбегі елдерінің спортшылары көшбасшы саналады.

Миландағы Олимпиадада спорттың бұл түрінен 12 жүлде жиынтығы (ерлер 6, әйелдер 6) сарапқа салынды. Онда еліміздің атынан Әмірғали Мұратбеков, Наиль Башмаков, Надежда Степашкина мен Анна Мельник жарыс жолына шықты.

2026 жылғы қысқы Олимпиадаға әлемнің 90-нан астам елінен шамамен 2 900-3 500 спортшы қатысты. Байрақты бәсекеде 16 спорт түрі бойынша 116 медаль жиынтығы сарапқа салынды.

Қазақстан биыл қысқы Олимпиада ойындарында 10 түрінен 58 медаль жиынтығы бойынша бақ сынады. 

Қысқы Олимпиадада еліміздің атынан мәнерлеп сырғанау шебері Михаил Шайдоров чемпион атағын жеңіп алды.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.