«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының тағы бір қызметкері ұсталды. Қордың баспасөз қызметі бұл ақпаратты растап, оқиғаға қатысты уәкілетті органдар тергеу жүргізіп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.
«Қолда бар ақпаратқа сәйкес, қор департаменттерінің бірінің қызметкерін ұстау оның бұрынғы еңбек қызметіне қатысты мән-жайлармен байланысты. Бұл жағдай оның қазіргі лауазымдық міндеттерін атқаруына қатысы жоқ. Қазіргі уақытта уәкілетті органдар тиісті тергеу амалдарын жүргізіп жатыр», – делінген қордың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Оқиғаның өзге мән-жайлары әзірге жарияланған жоқ. Тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.