Салмағы бір тонна болатын әлемдегі ең ауыр жаңажылдық шар ілінді
24 желтоқсан, 2018
Салмағы бір тонна болатын әлемдегі ең ауыр жаңажылдық шар ілінді
Дубайдың орталығында әлемдегі ең ауыр жаңажылдық шар ілінді.
Салмағы 1100 кг болатын шар The Dubai Mall ойын-сауық орталығында ілінген. Оның ұзындығы 6,6 метр, ені 4,7 метрді құрайды. Ойыншық шар қаңтар айының соңына дейін сауда орталығының сәнін келтіріп тұрмақ.
Ол әлемдегі ең үлкен жаңажылдық шар ретінде Гиннес рекордтар кітабына енген. Оны 15 адам үш күн бойы құрастырған.