KZNews.kz
Жаңалықтар

Сәкен Майғазиевтің ұлы: футболдан бас тартуыма бір ғана себеп болды

Қайсар Қанат
ашық дереккөзден

Әнші Сәкен Майғазиевтің ұлы Әділет Қордабай бала күнінде футболмен кәсіби айналысуды армандағанын айтты, деп хабарлайды kznews.kz.

Оның сөзінше, мектеп жасында шабуыл шебінде ойнаған. Алайда сол кезеңдегі кәсіби футболда тіл мәселесі кедергі болғанын жасырмайды.

"Ол жылдары кәсіби футболда орысшаң жетік болмаса, шеттететін. Содан көңілім қалып, футболды тастап кеттім. Бәлкім, бұл өзімді жұбату ғана шығар", – деп жазды ол.

Әкесі Сәкен Майғазиев те ұлының кезінде Қайрат сапында өнер көрсеткенін растады.

"Шынын айтсам, ұлым бүгінде "Реал Мадридке" қарсы алаңға шығатын футболшылардың бірі болар еді. Бірақ ол қаржы саласын таңдады", – деді әнші.

Қайсар Қанат
Автордың басқа материалдары