Қостанай облысы әкімінің орынбасары ұсталды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Шайдоровтың Олимпиададағы алтын жүлдесі үшін қанша сыйақы алатыны белгілі болды

Шайдоровтың Олимпиададағы алтын жүлдесі үшін қанша сыйақы алатыны белгілі болды
Фото: Туризм және спорт министрлігі

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров 2026 жылы қысқы Олимпиада ойындарындағы жеңісі үшін ресми ақшалай сыйақы алады, деп хабарлайды kznews.kz.

Бұған дейін мұндай төлемдердің мөлшері Туризм және спорт министрлігінің бұйрығымен бекітілгені хабарланған еді. Құжатқа сәйкес, Олимпиаданың алтын медалін жеңіп алған қазақстандық спортшыларға 250 мың долларға тең сома теңгемен төленеді.

Қазіргі валюта бағамын есепке алғанда, Шайдоровқа берілетін сыйақы шамамен 123,7 миллион теңге болады. Қазір бұл Қазақстан құрамасының 2026 жылы Олимпиада ойындарындағы жалғыз медалі.

Сонымен қатар, олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлерінің бапкерлеріне де арнайы төлемдер қарастырылған. Атап айтқанда, Шайдоров ресейлік маман Алексей Урмановтың жетекшілігімен жаттығады. Оған да тиісті сыйақы беріледі.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан қоржынына Италия төрінде өтіп жатқан Олимпиада ойындарында тарихи жүлде түскені туралы жазған едік. Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Олимпиада ойындарында топ жарды. Отандасымыз қос бағдарлама қорытынды бойынша 291.58 ұпай еншіледі. Бұл оның жеке рекорды.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.