Алматылықтардың сүйікті демалыс орны Шымбұлақта бір шыны шайдың құны 5000 теңгеге саудалануда. Бұл туралы Kznews порталы хабарлайды.
Қала тұрғындары мен қонақтары әлеуметтік желіде Шымбұлақтағы ойдан қойылған бағаға наразылықтарын білдіруде. Неғұрлым тауға шыққан сайын баға да соғұрлым қымбаттай береді дейді тұрғындар.
Шымбұлақтағы тамақтану орындары санаулы және ол компаниялар бұрыннан бизнесін жүргізіп отыр. Бәсекелестік болмас үшін басқа компанияларға бұл аймақ жабық. Сондықтан қолданыстағы асхана не кофеханалар, мейрамханалар ойына келген бағаны қояды. Барлық айтар уәждері – тасымалдың қымбаттығында.
Егер бәсекелестік болса онда баға да аспандап тұрмас еді дейді әлеуметтік желі қолданушылары. Сондай-ақ олар Шымбұлақ секілді тағы да Алматы маңында шаңғы ресорттарының пайда болуын қалайды.