Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Сағынтаев тұрғындарды мазалаған мәселенің қалай шешілетінін айтты

Сағынтаев тұрғындарды мазалаған мәселенің қалай шешілетінін айтты

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

"Алматы" 2-ші газ тарату станциясының қуаты қаладан тыс жерге шығарылады

НҰР-СҰЛТАН, 8 қыркүйек — Sputnik. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қалада газ иісінің қалай жойылатынын айтты. Ол бірқатар жерді аралап, жергілікті тұрғындармен сөйлесті.

Сағынтаев тұрғындардың "Алматы" 2-ші газ тарату станциясынан шығатын газ иісіне шағымданатынын айтты. "ҚазТрансГаз Аймақ" компаниясы сыйымдылықтарды одорантпен (газға арнайы иіс беру үшін қосылатын зат – Sputnik) толтыру кезінде төгілетін газды тазалауға арналған қосымша сүзгілер орнатқан.

"ГТС-2 қуатын Алматы қаласынан тыс жерге шығару" жобасы аясында "ҚазТрансГаз" АҚ-мен "Қайрат" стансасында жалғастырушы газ құбырын салу мәселесі пысықталуда. Осылайша ГТС-2 газ тарату пунктіне ауыстырылады. Бұл ретте одоризация жүйесі қаладан тыс жерге шығарылады", - деп жазды қала әкімі өзінің Instagram парақшасында.

Сондай-ақ, Сағынтаев Баум бағын абаттандыру қажет екенін атап өтті. Бірегей саябақ аймағының экологиялық балансын бұзбайтын табиғи материалдарды пайдалануды ескеруді тапсырды.

Тағы оқыңыз: Тасмағамбетов пен Сағынтаев Алматыда кездесті

Әкім Үлкен Алматы каналына су жіберу мәселесін де қозғады. Ол жерде  жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Сондай-ақ, әкім тұрғындардың өтініші бойынша "Дорожник" ықшамауданындағы Есентай өзенінің бойында саябақ аймағын құру мүмкіндігін қарастыруға уәде берді.


sputniknews.kz
Автор
Әлихан