KZNews.kz
Шоу-бизнес

Сағынтаев Алматы әуежайында жаңа терминалдың құрылысы қашан басталатынын айтты - Қазақстан жаңалықтары

KZNEWS

Алматы әуежайында жаңа терминалдың құрылысы қашан басталатыны белгілі болды. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Сөзінше, нысанның құрылысы 1 шілдеден бастап қолға алынады екен.

"1 шілдеден бастап әуежайдың жаңа терминалының құрылысы басталады. Жолаушылар ағыны 6 млн адам болмақ. Құрылыс жұмыстары 2022 жылдың 1 шілдесінде аяқталады. 2 жылда үлкен жұмыс атқарылады. Жаңа терминал арқылы тек халықаралық рейстерге қызмет көрсетіледі. Ал ескі терминал ішкі рейстерге қызмет көрсетуге арналады", - деді Сағынтаев.

Еске салайық, бұған дейін президенттің өзі келіп , Алматы халықаралық әуежайындағы жаңа терминалдың жобасымен танысқан еді. Өз кезегінде, мемлекет басшысы жаңа нысанның құрылысына оң бағасын берген еді. 


stan.kz
KZNEWS
Автордың басқа материалдары