KZNews.kz
Lifestyle

Садриддин Ахмедов чемпиондық атақ үшін жұдырықтасады

KZNEWS

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Садриддин Ахмедов 26 қаңтар күні Канаданың Монреаль қаласында мексикалық боксшы Эбрахам Хуарезпен жұдырықтасады.

Екі боксшы жартылай орта салмақта жастар арасындағы WBC чемпиондық атағын сарапқа салады.

Садриддин кәсіпқой бокстағы жолын 2018 жылдың сәуір айында бастады. Одан бергі аралықта 6 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жетті. Бес бірдей қарсыласы мексикалық боксшы болды. Бұл жолы да мексикалықпен қолғап түйістірмек.

Эбрахам Хуарез осыған дейін 12 жекпе-жек өткізген. Тек біреуінде ғана ұтылған.

Екі боксшы арасындағы жекпе-жек 10 раундқа жоспарланып отыр.

Дереккөз: https://massaget.kz/
KZNEWS
Автордың басқа материалдары