Алаяқтар «Қазақмысқа» жұмысқа орналастырамын деп 16 млн теңге жинап алған
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Садақа жәшігінің 30 пайызын мүфтиятқа аударды деп айыптаған имамды жұрт ат мінгізіп шығарып салды

Садақа жәшігінің 30 пайызын мүфтиятқа аударды деп айыптаған имамды жұрт ат мінгізіп шығарып салды
Фото: видеодан скриншот

Бұған дейін мешіттің азаншысы имамды "түк бітірмейді" деп сынға алып, садақа жәшігіндегі қаражаттың 30 пайызын мүфтиятқа аударғаны үшін шағым түсірген болатын. Осыдан кейін Марат Асанов өз еркімен қызметінен кеткені хабарланған.

Имамның қызметтен кетуіне ауыл тұрғындары наразылық білдіріп, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына "Марат Асановты қайта тағайындау" туралы өтініш жолдаған. Алайда бұл талап орындалмаған соң, жұрт имамды ат мінгізіп, құрметпен шығарып салды.

Марат Асанов ауылдастарының құрметіне алғысын білдіріп, сыйға алған атымен жүрген видеосын әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.