ка

Сабырхан Асанов | өмірбаяны

19.03.2019 03:16
0
3

Сабырхан Асанов (1937–1995) Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан ауданындағы Иіркөл ауылында туған. Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген (1960). 

Шығармашылық қызметін Оңтүстік Қазақстан облысы, Киров аудандық «Кировшылар үні» газетінің жауапты хатшысы болып бастады. Көп жылдар «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газеті мен «Жұлдыз» журналында әдеби қызметкер, «Қазақ әдебиеті» газетінде поэзия бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарады. Біраз жыл Қазақстан Жазушылар одағының әкімшілігінде жұмыс істеді. 

Алғашқы өлеңдері облыстық «Оңтүстік Қазақстан» газетінде, «Жырға сапар» (1960), «Жас дәурен» (1961), «Бір тұтас семья сезімі» атты ұжымдық жинақтарда жарияланды. Отыз жыл көлемінде оқырмандарына он шақты жыр жинағын ұсынды. А.Байрон, Тоқтағұл, Я.Купала, Ф.Файз, Данилов, Р.Ғамзатов, И.Абашидзе, Е.Евтушенко сынды ақындардың өлеңдерін қазақ тіліне аударды. Ақынның өлеңдері шетел тілдеріне аударылған. «Тұңғыш кітап» (1963), «Алматым – менің жас шағым» (1968), «Шолпан», «Ақбота» (1976), «Қоштасқым келмейді» (1978), «Бақытымды жырлаймын» (1983), «Сағындырған көктем» (1983), «Сағынамын» (1986), «Көктемнің шуақты күндері» (1987), «Елу көктем» (1990) атты кітаптары жарық көрген.

Пікірлер
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий