Шакира үшін Бішкекке барамыз: шетелдік билет сатып алушылардың арасында қазақтар көш бастады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Сабуровқа сұрақ жоқ: ҰҚК әзілкешке қатысты тексеруді аяқтады

Сабуровқа сұрақ жоқ: ҰҚК әзілкешке қатысты тексеруді аяқтады
Фото: ашық дереккөздерден

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ресейден оралған стендап-комик Нұрлан Сабуровке қатысты жүргізілген тексеруді аяқтады.

Тексеру барысында оның Қылмыстық кодекстің 170-бабы (жалдамалылық) бойынша және өзге де ықтимал құқық бұзушылықтарға қатысы бар-жоғы қаралған.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде Сабуровтың Украинаға қарсы әскери операция кезінде Ресейдің қарулы күштеріне материалдық көмек көрсеткені туралы бейнежазба тараған болатын.

ҰҚК мәліметінше, жүргізілген тексеру нәтижесінде құқық бұзушылық белгілері анықталмаған. Бірнеше айға созылған тексеру барысында әзілкеш тергеу органдарымен ынтымақтастық танытқан.

Осылайша іс жабылып, Қазақстан заңнамасы аясында Нұрлан Сабуровқа қатысты қандай да бір талап-арыз жоқ екені мәлім болды.

Автор
Қалмаханбет Мұқаметқали

Журналист-экономист. Журналистика саласында 33 жыл еңбек етуде. Еңбек жолын аудандық газетте бастап, республикалық басылымдарда басшылық қызметтер атқарған.