Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-778-389-9292 номеріне ватсап арқылы қоюға болады
Сабақ жоспары 9-сынып Қазақ АКСР-ның құрылуы
Автор: АМИРАЛИЕВА ГУЛЗАГИРА ОРЫНБЕКОВНА
Бағыты: Қазақстан тарихы Бөлімі: Сабақ жоспары Сыныбы: 9 сынып
Жарияланған уақыты: 2018-12-27
Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтың мақсаты: Қазақ АКСР-ның құрылуы, кеңестік мемлекеттің құрылуы мен территориясын межелеуін түсінеді.
Сабақтың міндеттері:
Қазақстандағы алғашқы мемлекеттік жүйемен танысады.
Бірлесіп топпен жұмыс жасайды, сауатты талдайды.
Елін, жерін сүйетін, тәуелсіздіктің қадірін білетін азамат тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Білім мен білікті тексеру сабағы.
Сабақтың әдісі: жұппен жұмыс
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сыныбы: 9 Пәні: Қазақстан тарихы. Сабақтың тақырыбы: Қазақ АКСР-ның құрылуы.Сабақтың мақсаты: Қазақ АКСР-ның құрылуы, кеңестік мемлекеттің құрылуы мен территориясын межелеуін түсінеді. Сабақтың міндеттері:
Қазақстандағы алғашқы мемлекеттік жүйемен танысады.
Бірлесіп топпен жұмыс жасайды, сауатты талдайды.
Елін, жерін сүйетін, тәуелсіздіктің қадірін білетін азамат тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Білім мен білікті тексеру сабағы.Сабақтың әдісі: жұппен жұмысСабақтың типі: жаңа сабақКөрнекілік: Қазақстан картасыПәнаралық байланыс: қоғамтану, дүниежүзі тарихы.Күтілетін нәтиже:
Оқушылардың жауапкершілігі артады
Өз ойларын еркін, сауатты жеткізе алады
Бір-бірінің пікірін құрметтейтін орта қалыптасады
Үй тапсырмасы: Қазақ кеңес мемлекеттілігінің құрылуы«Иә, жоқ»
1918 жылы Қазревком құрылды.
1920 жылы 9 наурызда Алашорда үкіметі құрылды.
1920 жылы 26 тамызда Қаз АКСР құру туралы декрет жарияланды?
1920 жылы 4-12 қазан аралығында Орынборда Қаз кеңес-ның құрылтай съезі болып өтті
1920 жылы 5 қазаны қазақ кеңестік ұлттық мемлекеттің туған күні болды
Шекара 1 871 239 шаршы верст құрды
1925 жылы 15-19 сәуір аралығында V съезде қазақ атауы қалпына келтірілді.
III. Жаңа сабақ жоспары:
Қазақ АКСР-ның құрылуы.
Қорытындылау.
Әткеншек әдісі бойынша жұптар өзара талқылайды. Автономия – (герк. Өзін-өзі басқару) Мемлекеттің белгілі бір аймағындағы кең көлемді ішкі басқаруы. Біріңғай конституцияның негізінде басқарылатын мемлекеттің бөлінбейтін бөлігі. Қазақ АКСР-і, Қазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы – 1920-1936 жылдары Кеңестік автономиялық мемлекеттің бөлінбейтін бөлігі. Съезд – партия, кеңес және басқа қоғамдық ұйымдар өкілдерінің әлеуметтік, келелі мәселелерді қарайтын, талқылайтын, шешетін жиналыс. Дәуір құжаттын оқу, жазу. Бекіту сұрақтыры:
Қазревком қашан құрылды, оның құрамына кімдер кірді?
Қырғыз Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасын құру туралы декрет қашан шықты?
Қазақ АКСР-і қай жылы құрылды?
Қазақ АКСР-нің астанасы қай қала болды?
Қазақ АКСР-нің құрылуының тарихи маңыздылығы?
Кестені толтыру.Қазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік республикасы.