KZNews.kz
Қазақша өмірбаян

Рүстембек Омаров | өмірбаяны

KZNEWS

Қазақ КСР халық әртісі, күйші-домбырашы Рүстембек Омаров Бейсенұлы - 1919 жылы Павлодар облысында дүниеге келген. Ұлы Отан соғысына қатысқан.

 

Ленинградта (Санкт-Петербург) музыка училищесін, Алматы консерваториясын бітірген. 1934 жылдан Қазақ халық аспаптары оркестрінің домбырашысы, концертмейстері, солист-домбырашысы, сонымен қатар консерваторияда сабақ берген.

 

Ә.Есқалиев, Қ.Ахмедияров сияқты көптеген күйшілерді даярлады. Қазақ халық күйлері мұрасын, әсіресе Құрманғазы күйлерін, оның орындаушылық дәстүрін жетік меңгерген. Ол 1988 жылы дүниеден озды. 

KZNEWS
Автордың басқа материалдары