Көмірге көңіл ауды: кен өндіру 128,9 млн тоннаға жетпек
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Руслан Желдібай Президенттің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды

Руслан Желдібай Президенттің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды
Ақорда. Суретте: Руслан Желдібай

Руслан Желдібай Қазақстан Президентінің штаттан тыс кеңесшісі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды kznews.kz.

Бұған дейін ол Мемлекет басшысының көмекшісі әрі баспасөз хатшысы қызметін атқарған болатын. 2026 жылдың қаңтарында Руслан Желдібай бұл лауазымнан босатылып, оның орнына Айбек Смадияров тағайындалған еді.

Руслан Желдібай әр жылдары Президент кеңесшісі, Президенттің баспасөз хатшысы, ішкі саясат және коммуникациялар мәселелері жөніндегі көмекші, сондай-ақ Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары қызметтерін атқарды.

Айта кетейік, Руслан Желдібай 1989 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. Ол Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін тәмамдаған.

Кейін "Болашақ" бағдарламасымен Ұлыбританиядағы Уорик университетінде оқып, магистр дәрежесін алған.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер