KZNews.kz
Саясат

Руслан Желдібай Президенттің баспасөз хатшысы қызметінен босатылды

Қайсар Қанат
primeminister.kz. Суретте: Руслан Желдібай

Руслан Желдібай Президенттің көмекшісі – баспасөз хатшысы қызметінен босатылды, деп хабарлайды kznews.kz.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Руслан Сұлтанұлы Желдібай Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.

Мемлекет басшысының жаңа баспасөз хатшысы болып Айбек Смадияров тағайындалды. Ол сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаевтың кеңесшісі қызметін қатар атқаратын болады.

Ақорданың ресми сайтындағы мәлімет бойынша, Руслан Желдібай 2010 жылы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін бітірген. "Болашақ" халықаралық білім беру бағдарламасының түлегі. 2017 жылы Уорик университетінің (Ұлыбритания) магистратурасын тәмамдаған.

2011-2012 жылдары – "Қазақстан" ұлттық телеарнасында редактор.

2012-2018 жылдары – "Алматы" телеарнасында бөлім басшысы, продюсер.

2018-2019 жылдары – Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті Интернет кеңістікте және әлеуметтік желілерде ақпараттық жұмыс жүргізу басқармасының басшысы.

2019-2020 жылдары – Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті төрағасының орынбасары.

2020 жылдың мамыр айынан 2022 жылдың ақпан айына дейін – Президент әкімшілігі Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

2022 жылдың ақпан айынан сәуір айына дейін – Премьер-министрі Кеңсесі басшысының орынбасары.

2022 жылдың сәуір айынан 2023 жылдың қаңтар айына дейін – Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы.

2023 жылдың қаңтарынан 2023 жылдың қыркүйек айына дейін – Президент әкімшілігі басшысының орынбасары – президенттің баспасөз хатшысы.

2023 жылғы 1 қыркүйектен 2025 жылдың 17 ақпанына дейін – Қазақстан президентінің ішкі саясат мәселелері және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі.

2025 жылғы 17 ақпаннан 9 қыркүйекке дейін Қазақстан президентінің кеңесшісі – баспасөз хатшысы қызметін атқарды.

2025 жылғы 9 қыркүйекте Қазақстан президентінің көмекшісі – баспасөз хатшысы болып тағайындалды.

Қайсар Қанат
Журналист. Блогер. Фрилансер
Автордың басқа материалдары →