Қауіпсіздік кеңесі аппаратында бірқатар кадрлық өзгеріс болып, бірнеше басшылық қызметке жаңа тұлғалар тағайындалды, деп хабарлайды kznews.kz.
Атап айтқанда, Нұржан Қажыақбаров Қауіпсіздік кеңесі аппараты басшысының бірінші орынбасары қызметіне келді.
Ал Қазақстанның бұрынғы Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов аппарат басшысының орынбасары болып тағайындалды. Осы қызметке Геннадий Зуев те бекітілген.
Руслан Жақсылықов Қорғаныс министрлігін 2022 жылдан 2025 жылдың маусымына дейін басқарды. Ол министр қызметіне Қаңтар оқиғаларынан кейін тағайындалған болатын.
Министрліктен кеткеннен кейін Жақсылықовтың Қауіпсіздік кеңесі аппаратына ауысқаны белгілі болды. Жаңа тағайындаулар мемлекеттік қауіпсіздік саласындағы жұмысты үйлестіру мен аппарат қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған кадрлық өзгерістер ретінде қарастырылып отыр.