KZNews.kz
Шоу-бизнес

Руслан Өтепбай сүйінші жаңалығымен бөлісті

Ayzhan Sylanova

Ол Instagram парақшасында тоғыз айлық үзілістен кейін телевизияға қайта оралғанын мәлімдеді.

«Ардақты ағайын! 9 айлық үзілістен соң қайтадан ТВ-ға оралдым. Қанша уақытқа келгенімді бір Алла ғана біледі. Бірақ берілген мүмкіндікті қалт жібермей, ел үшін еңбек етуді командамен жалғастырамыз. Жаңа бағдарламаның атауын – “Әділдік алаңы” деп қойдық. Әділдік іздеген жандар осы студияда мұратына жетсе деген арман», – деді ол.

Журналист жаңа жобасының негізгі мақсаты – қоғамдағы әділдікке қол жеткізуге көмектесу екенін атап өтті.

Ayzhan Sylanova
Автордың басқа материалдары