KZNews.kz
Шоу-бизнес

Рудный тұрғыны танысын өлтіріп, мәйітті өртеп жіберген

KZNEWS

Рудныйда аяқ киім жөндейтін дүңгіршектегі өртті сөндіргеннен кейін ер адамның денесі табылды.

Ер адамның денесінде қинап өлтірген белгілері бар. Анықталғандай күдікті аяқ киім жөндеу дүңгіршегіне келіп, танысымен ішімдік ішеді. Арада кикілжің туып, күдікті жәбірленушіні соққыға жығып, жарақат салады. Артынша ұялы телефонын ұрлап, дүңгіршекті мәйітпен бірге өртеп кеткен.

Полицейлер осы іске қатысты бұрын сотталған 30 жастағы ер адамды ұстады. Күдікті жасаған қылмысын мойындап, уақытша қамау изоляторына алынды.  Қазіргі таңдаі сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізуде.

KZNEWS
Автордың басқа материалдары