Құралайдың салқыны: Қазақстандағы киік саны 4,5 миллионнан асты
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Рудный қаласындағы ERG зауытында жұмысшы қаза тапты

Рудный қаласындағы ERG зауытында жұмысшы қаза тапты
Фото: ERG

Рудный қаласындағы ERG компаниясына қарасты жөндеу-механикалық металл прокат зауытында қайғылы оқиға болды. Жұмыс барысында бір қызметкер қаза тапты, деп хабарлайды kznews.kz.

Компанияның мәліметінше, қайғылы оқиға 19 маусымда электрмен болат балқыту цехында болған. Болат балқыту пешінде жұмыс істеп жатқан кезде кәсіпорын қызметкері қаза тапты. Компания бұл жағдай туралы бірден мемлекеттік органдарға хабарлаған.

«ERG Service» ЖШС басшылығы марқұмның отбасына қажетті көмектің бәрі көрсетілетінін мәлімдеді.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары басталып, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі