KZNews.kz
Шоу-бизнес

Роза Рымбаева Ресейдің сыйлығын жеңіп алды - Ел жаңалықтары

KZNEWS

Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева ресейлік "Ұлттық айбын" сыйлығының "Құрмет және даңқ" номинациясында жеңіске жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әртіс суретін Instagram парақшасында жариялады. Марапаттау рәсімі 30 қарашада Мәскеудегі мемлекеттік Кремль сарайында өтті.

"Құрметті Роза Қуанышқызы! Сыйлықтың ұйымдастыру комитетінің шешімімен сізге "Ұлттық айбын" сыйлығының "Құрмет және даңқ" номинациясының лауреаты атағы беріледі. Сіз жоғары кәсібилігіңізбен, еңбекқорлығыңызбен, өмірлік белсенді ұстанымыңызбен, өз ісіңізге берілгендігіңізбен, қарқынды дамып, үздіксіз жетілгендігіңізбен бұл сыйлыққа лайықсыз", - делінген бағдарламада.

KZNEWS
Автордың басқа материалдары