Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Роза Рымбаева Мәскеуде «Ұлттық айбын» сыйлығымен марапатталды

Роза Рымбаева Мәскеуде «Ұлттық айбын» сыйлығымен марапатталды

2018 жылғы 9 желтоқсан 13:08 82

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Мәдениетті дамытуға қосқан сүбелі үлесі және өз ісіне адалдығы үшін» Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева Ресейдің  «Ұлттық айбын» сыйлығымен марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Инстаграм парақшасында Роза Рымбаеваның мәлімдеуінше, салтанатты марапаттау рәсімі Мәскеудің Кремль Мемлекеттік сарайында өткен.

«Ұлттық айбын» («Национальное величие») сыйлығы тәуелсіз қоғамдық сыйлық болып табылады. Ол ресейлік және шетелдік қайраткерлерді ынталандыру мақсатында беріледі.

30 қараша күні Кремль сарайына Еуразиялық экономикалық одақтың бизнес лидерлері, ЕАЭО мүше елдерінің алдыңғы қатарлы кәсіпкерлері жиналды. Салтанатты марапаттау рәсімі Ресей эстрада жұлдыздарының концертіне ұласты.

Айта кетейік, өткен жылдарда: гроссмейстер А.Е. Карпов, мәнерлеп сырғанау бойынша еңбек сіңірген бапкер Т.А. Тарасова, халық әртістері - А.Б. Джигарханян мен Ю.М. Соломин марапатталған болатын.

Дереккөз: https://www.inform.kz/kz
Автор
Әлихан