Астанада пәтерлерді арнайы құрылығымен тексеріп жүрген кімдер?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Романтика орнына трагедия: жігіт сүйісемін деп тілінен айрылып қалды

Романтика орнына трагедия: жігіт сүйісемін деп тілінен айрылып қалды
ашық дереккөзден

Қырғызстанның Манас қаласында ауыр жарақат алған жас жігіт Жалал-Абад облыстық ауруханасына жеткізілді, деп хабарлайды kznews.kz.

Дәрігерлердің мәліметінше, науқастың тілінің ұшы мен төменгі ернінің бір бөлігі зақымданған. Ерекшелігі – тілінде ұрып-соғуға тән көгеру белгілері анықталмаған. Жараланған жігіт ауруханаға өз бетімен келген.

Кейін белгілі болғандай, жарақатты 18 жастағы қыз келтірген. Оның айтуынша, бұл оқиға сүйісу кезінде байқамай қатты тістеп алу салдарынан болған.

Бас және жақ-бет хирургия бөлімінің меңгерушісі Алмаз Абдылдаевтың сөзінше, жігіт қабылдау бөліміне ауыз қуысынан қатты қан кетіп түскен. Дәрігерлер дереу ота жасап, зақымданған жерлерді тігіп берген.

Мамандардың бағалауынша, тілдің шамамен 30 пайызы, ал төменгі еріннің 40 пайызы жұлынып кеткен.

"Мұндай жарақат қатты тістеу салдарынан болуы мүмкін. Нақты қалай болғанын тиісті органдар анықтайды. Қазір науқастың жағдайы тұрақты, ол сөйлей алады және өздігінен тамақтанып жатыр", – деді дәрігер.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер