Каспийдегі love story: Маңғыстаулық жас жұбайлар референдумға катермен келді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“Робот-иті бар”: Астаналық ару душтан шыға сала референдумға келген (ВИДЕО)

“Робот-иті бар”: Астаналық ару душтан шыға сала референдумға келген (ВИДЕО)

Астанадағы сайлау учаскелерінің бірінде сайлаушылардың назарын ерекше перформанс аударды, деп хабарлайды kznews.kz MadeniPortal.kz сайтына сілтеме жасап.

Жаңа Конституция жобасы бойынша өтіп жатқан республикалық референдум аясында дауыс беруге ақ халат пен үй шәркесін киген жас белсенді робот-итпен бірге келді.

Оның мұндай ерекше келуі бірден жиналғандардың қызығушылығын тудырды: көпшілік тоқтап, суретке түсіп, видеоға түсіре бастады. Кадрлар әлеуметтік желілерде тез тарады.

Робот-ит дауыс беру рәсімі кезінде белсендіні учаскеде ертіп жүрді. Қыз тіркеуден өтіп, бюллетеньді дауыс беру жәшігіне салды.

Айта кетейік, бүгін Қазақстанда жаңа Конституция жобасы бойынша республикалық референдум өтіп жатыр. Соған байланысты бұл бейне алдын-ала ойластырылған видео болуы мүмкін.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.