Қазақстандық еркін күрес шебері Ризабек Айтмұхан АҚШ-тың Филадельфия қаласында өткен RAF 08 турнирінде чемпиондық белбеу үшін өткен белдесуде жеңіліске ұшырады, деп хабарлайды kznews.kz.
Ол америкалық атақты балуан Кайл Снайдермен кездесіп, тартысты жекпе-жек өткізді. Айтмұхан бастапқыда 6:0 есебімен алға шыққанымен, кейін қарсыласы басымдық танытып, қорытынды есеп 12:6 болып аяқталды.
Нәтижесінде Кайл Снайдер жартылай ауыр салмақтағы RAF лигасының чемпиондық атағын сақтап қалды.
Айта кетейік, Снайдер – 2016 жылғы Рио Олимпиадасының чемпионы, ал Токио-2020 ойындарында күміс жүлде жеңіп алған. Сонымен қатар ол төрт дүркін әлем чемпионы (2015, 2017, 2022, 2025).
Ал Ризабек Айтмұхан 2023 жылы әлем чемпионы атанып, Азия чемпионаттарында үш мәрте күміс жүлдегер болған (2023, 2024, 2025).