Спорт

“Рингте қара дуа жасалды” - Чемпион Сманов адам сенгісіз оқиғасымен бөлісті

“Рингте қара дуа жасалды” - Чемпион Сманов адам сенгісіз оқиғасымен бөлісті
Фото: ашық дереккөз

Жартылай орта салмақта өнер көрсеткен қазақстандық боксшы, Кеңес Одағының чемпионы Нұржан Сманов спорттық мансабы кезінде өзіне дуа жасалғанын айтты. Боксшы бұл туралы берген сұхбатында бөлісті, деп хабарлайды kznews.kz.

Смановтың айтуынша, оқиға 1995 жылы Ташкентте өткен чемпионат кезінде болған. Ол финалға шыққан сәтін есіне түсіре алмайтынын айтады.

«Шаршы алаңға қалай шыққанымды, қалай бокстасқанымды білмеймін. Жекпе-жектен кейін бетімді жуған кезде ғана өзіме келдім. Болат Жұмаділовтен “қалай жұдырықтастым?” деп сұрадым. Ол “жақсы, бірақ ұтылып қалдың” деді», – дейді спортшы.

Сманов үйіне оралған соң жекпе-жектің бейнетаспасын көріп, өз қимылдарына өзі таң қалғанын айтады.

«Ол жерде бокстасқан мен емес сияқты. Нариманмен бұрын кездескенмін, тактикасын жақсы білетінмін. Бірақ бейнежазбада мүлде басқаша жұдырықтасыппын. Көзімнен жас шығып кетті», – деді ол.

Спортшының сөзінше, кейін бұл жағдайдың себебі белгілі болған.

«Маған қара дуа жасалғанын білдім. Нариман мені жеңгеннен кейін сол әйелдің қолын сүйгенін ағам көріпті. Ешкімнің басына салмасын, дуа деген жаман нәрсе», – дейді боксшы.

Сманов бұл жағдайдан кейін біраз уақыт жарыстарда жоғары нәтиже көрсете алмаған.

«Осы оқиғадан кейін 2-3 орын алып жүрдім, чемпион бола алмадым. Кейін дем салдырып, зиярат жасап, жолым ашылды», – деп қорытындылады ол.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz