«Нәтиже болмаса қоштасамыз»: Бектенов Kazakh Tourism басшысына ескерту жасады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Рим Папасы Сирия мен Йеменде бейбітішілік орнатуға шақырды

Рим Папасы Сирия мен Йеменде бейбітішілік орнатуға шақырды

Рим Папасы Франциск Рождествоға арнаған үндеуінде әлем елдерін Сирия, Йемен және Украинадағы қақтығыстарды саяси жолмен реттеуде "партизандық мүдделерді" ысырып қоюға шақырды.

Франциск Urbi et Orbi деп аталатын дәстүрлі үндеуін 25 желтоқсан күні Ватикандағы Әулие Петр алаңында мыңдаған адамның алдында жасады.

"Рождествода барлығыңызға, барлық ұлт пен мәдениет арасында бауырластық болғанын тілеймін. Әрқилы идеялар мен түрлі діндерді ұстанатын адамдар арасында бауырластық болсын" деді Франциск.

Рим Папасы Сирияда, Йеменде, Африкада, Корей түбегінде, Украина, Венесуэла және Никарагуада бейбітшілік орнатуға шақырды. Ол сонымен қатар Израиль мен Палестина арасында бітім жасалады деген үміті барын жеткізді. Понтифик Йемендегі бітім бұл елде 2015 жылы басталып, 10 мыңнан астам адамның өмірін қиған және миллиондаған адамды аштыққа ұшыратқан соғысты тоқтатады деп үміттенетінін айтты.

"Мен Йемендегі халықаралық қауымдастықтың ара ағайындығымен жасалған бітім соғыс пен аштықтан қажыған халық пен барлық баланың қасіретін жеңілдетеді деп ойлаймын" деді Франциск.

Ол сонымен қатар Сириядағы соғыстың да тоқтатуға шақырды.

"Халықаралық қауымдастық Сириядағы соғысты саяси жолмен тоқтатуға батыл кірісіп, Сирия халқы, әсіресе үй-күйінен айырылып босқынға айналғандар өз еліне оралса екен" деді Рим Папасы.

Дереккөз: azattyq.org

Автор
Санжар