KZNews.kz
Аймақ

Риддер қаласының тұрғындары үшінші күн қатарынан пәтерлерінде жылу жоқтығын айтып отыр

Жарқын Омаров
Фотоиллюстрация: Kznews

Риддер қаласының тұрғындары үшінші күн қатарынан пәтерлерінде жылу жоқтығын айтып отыр. Қалаға Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов аттанды, деп хабарлайды kznews.kz infor.kz-ке сілтеме жасап.

Алайда Риддер ЖЭО-сы өкілдерінің айтуынша, айтарлықтай күрделі жағдай болмаған.

"Таңертең станцияда жоспардан тыс ауыстырып-қосу жұмыстары жүргізілді. Қазіргі уақытта шынымен де белгіленген кестеден ауытқу тіркеліп отыр. Станция қызметкерлері жедел шаралар қабылдады, ақауды жоюдың алдын ала уақыты екі сағат", – дейді «Жылу» АҚ Риддер филиалының директоры Кирилл Голота.

Айта кетейік, облыс әкімі небәрі төрт күн бұрын Риддер ЖЭО-сында болып, бұл туралы Instagram парақшасында жазғанған. еді. Ол кезде бәрі қалыпты болған. Алайда өңір басшысы кетісімен-ақ белгілі бір «ауытқулар» басталған.

Жарқын Омаров
Автордың басқа материалдары