Осылайша, бес күндік жұмыс аптасымен еңбек ететін қазақстандықтар 24, 25 және 26 қазанда қатарынан үш күн демалады. Ал алты күндік жұмыс аптасындағылар үшін демалыс күндері 24 және 25 қазанға сәйкес келеді.
Қазан айында бес күндік жұмыс аптасы бойынша барлығы 10 демалыс күні қарастырылған. Ал алты күндік жұмыс аптасымен жұмыс істейтіндер ай ішінде бес күн демалады.
Республика күні – Қазақстанның ұлттық мерекесі. Ол 1990 жылғы 25 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі қабылдаған Мемлекеттік егемендік туралы декларацияға орай белгіленген. 2022 жылы Республика күніне ұлттық мереке мәртебесі қайта беріліп, елде қайтадан ресми түрде атап өтіле бастады.