Алғашқы алтын, жаңа рекорд: Еркін Ғаббасов Азия Пара ойындарында ел мерейін асырды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Республика күніне орай қазақстандықтар қалай демалатыны белгілі болды

Республика күніне орай қазақстандықтар қалай демалатыны белгілі болды
ашық дереккөз

25 қазанда Қазақстанда Республика күні атап өтіледі. Биыл ұлттық мереке жексенбіге түсетіндіктен, демалыс күні 26 қазан, дүйсенбіге ауыстырылады, деп хабарлайды kznews.kz.

Осылайша, бес күндік жұмыс аптасымен еңбек ететін қазақстандықтар 24, 25 және 26 қазанда қатарынан үш күн демалады. Ал алты күндік жұмыс аптасындағылар үшін демалыс күндері 24 және 25 қазанға сәйкес келеді.

Қазан айында бес күндік жұмыс аптасы бойынша барлығы 10 демалыс күні қарастырылған. Ал алты күндік жұмыс аптасымен жұмыс істейтіндер ай ішінде бес күн демалады.

Республика күні – Қазақстанның ұлттық мерекесі. Ол 1990 жылғы 25 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі қабылдаған Мемлекеттік егемендік туралы декларацияға орай белгіленген. 2022 жылы Республика күніне ұлттық мереке мәртебесі қайта беріліп, елде қайтадан ресми түрде атап өтіле бастады.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі