25 қазан — Республика күні мерекесінде еліміздің перзентханаларында қуанышқа толы сәттер көп болды. Бір тәуліктің ішінде 704 әйел босанып, жалпы 709 сәби өмірге келген. Олардың 359-ы ұл, ал 350-і қыз бала, деп мәлімдеді Денсаулық сақтау министрлігі.
Жаңа туғандардың арасында 5 егіз жұп бар. Министрлік мәліметінше, барлық босану жағдайы дәрігерлердің бақылауымен сәтті өткен.
«Мерекелік күні жарық дүние есігін ашқан сәбилер — еліміздің ең үлкен байлығы. Олардың өмірге келуіне себепші болған дәрігерлерге, акушерлер мен медицина қызметкерлеріне ерекше алғыс білдіреміз», — делінген министрлік хабарламасында.
Айта кетейік, соңғы жылдары Республика күні қарсаңында дүниеге келетін сәбилер саны дәстүрлі түрде жоғары болады. Бұл — ел мерекесінің жаңа өмірдің басталуымен қатар келетінін көрсететін ерекше символдық оқиға саналады.