Қоғам

Ресми жұмыс істейтін әр қазақстандықтың жалақысына 7500 теңге қосылады

Торғын Абушахман Торғын Абушахман
Ресми жұмыс істейтін әр қазақстандықтың жалақысына 7500 теңге қосылады

Қаңтар айынан бастап жалақы алып істейтін қазақстандықтардың табысы шамамен 7 500 теңгеге өсуі тиіс. Бұған салықтық шегерімдерге қатысты күшіне енген жаңа өзгерістер себеп болып отыр, деп хабарлайды kznews.kz.

Бұрын жалақының 55 мың теңгеге дейінгі бөлігіне салық салынбайтын. Енді бұл шек 130 мың теңгеге дейін ұлғайтылды. Осылайша, салықтан босатылған сома 75 мың теңгеге артты. Ал осы айырманың 10 пайызы — 7 500 теңге — қызметкердің жалақысында қалуы керек.

Қаржы сарапшысы, экс-банкир Сұлтан Елемесовтің айтуынша, жалақыдан ұсталатын салық — жұмыс берушінің емес, қызметкердің өз салығы. Жұмыс беруші тек салық агенті ретінде сол қаржыны мемлекетке аударып отырады. Сондықтан заңнамадағы өзгерістер нәтижесінде пайда болған барлық жеңілдіктер тікелей қызметкердің табысы болып есептеледі.

Сарапшы осыған байланысты қызметкерлерге бухгалтерияға барып, жалақының өсетін-өспейтінін нақтылап сұрауға кеңес береді. Себебі бұрын қолданылған стандартты шегерім — 14 айлық есептік көрсеткіштің орнына енді 30 айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі базалық шегерім енгізілген.

Алайда бұл жеңілдік автоматты түрде берілмейді. Салықтық шегерім тек қызметкер бухгалтерияға тиісті өтініш тапсырған жағдайда ғана қолданылады.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz