Мәжіліс депутаттары Аида Балаеваның кандидатурасын Премьер-Министрдің орынбасары – Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі лауазымына бекітті, деп хабарлайды kznews.kz.
Ақорда таратқан ақпаратта:
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Аида Ғалымқызы Балаева Премьер-Министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі болып тағайындалды", – делінген.
Аида Балаеваның өмірбаяны
Аида Балаева 2000 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін, 2007 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін тәмамдаған.
Еңбек жолы:
- 1999-2004 жж. – Алматы облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасында қызмет етті.
- 2004 ж. – Алматы қалалық ақпарат басқармасының талдау және болжау бөлімін басқарды.
- 2006 ж. – Алматы қаласы ішкі саясат департаментінің директоры болды.
- 2010-2014 жж. – Астана қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
Мемлекеттік қызметтің жоғары сатылары:
- 2014 ж. – ҚР Президент Әкімшілігінде ішкі саясат бөліміне жетекшілік етті.
- 2019 ж. – ҚР Президентінің көмекшісі әрі Президент Әкімшілігінде өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі болды.
- 2020 ж. – Ақпарат және қоғамдық даму министрі болып тағайындалды.
- 2022 ж. – ҚР Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымын иеленді.