Kaspi.kz директорлар кеңесінің төрағасы Вячеслав Кимге Jusan Bank-тің бақылау пакетін сатып алуға рұқсат берілді, деп хабарлайды kznews.kz сайты Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2024 жылдың ақпанында Вячеслав Ким Jusan Bank акцияларының 97,5 пайызын сатып алуға өтінім бергені белгілі болды. Ким бұл мәміленің Kaspi.kz компаниясына қатысы жоғын айтқан еді.
2023 жылғы маусымда Jusan компаниялар тобы мемлекеттің бақылауына қайта өткен. Ал 2024 жылдың сәуірінде Гүлмира Жұмаділдаева Jusan Bank басқарма төрағасы болып тағайындалды.
Forbes Kazakhstan журналы 2024 жылы Вячеслав Кимді елдегі ең бай кәсіпкерлер рейтингінде бірінші орынға қойған. Оның байлығы 5,8 млрд долларға бағаланады.
Бұған дейін банк басшылығы First Heartland Jusan Bank атауының Alatau City Bank болып өзгеретінін хабарлаған.