KZNEWS.KZ
Әлем

Ресей Украинаға мың сарбаздың мәйітін қайтарды

• Айгерім Асылова

Украина ресейлік тараптан мың мәйіт алды. Олардың украиналық әскери қызметшілерге тиесілі екені айтылды. Бұл туралы әскери тұтқындар мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесі хабарлады, деп хабарлайды Kznews.kz

ТОЛЫҒЫРАҚ

Қайтарылған мәйіттердің арасында тұтқында қаза тапқан бес әскери бар. Украин тарапының мәліметінше, олар Ыстамбұлдағы келіссөздерден кейін жасалған ауыр жараланғандардың тізімінде болған. Енді Украинада мәйіттерге сараптама жасалып, жеке тұлғалары анықталады.

Ал ресейлік «Военный осведомитель» телеграм-арнасы Киев Мәскеуге 19 мәйітті қайтарғанын хабарлады. Бұған дейін Ресей президентінің көмекшісі Владимир Мединский де шілдедегі алмасу кезінде осындай санды атаған болатын.

Ресей билігі әзірге бұл алмасуды ресми түрде растаған жоқ.

Айгерім Асылова
Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.
Автордың басқа материалдары →