НҰР-СҰЛТАН, 19 қаңтар — Sputnik. Түмен облысында үшінші қазақ сыныбы ашылды. Алғашқы ашық сабаққа оқушылардың ата-аналары, ата-әжелері келді.
"Қазақ тілінен алғашқы ашық сабаққа 40 оқушы, ата-аналары мен туыстары келді. Сыныпқа оқушы қабылдау жалғасып жатыр. Өзге ауылдарда да қазақ тілін меңгергісі келетіндер бар", - деді Түмен облысындағы қазақтардың ұлттық-мәдени автономиясының президенті Есенғали Ыбраев.
Ол ауылдағы қазақтар дәстүрді сақтап қалғанын айтты.