KZNews.kz
Шоу-бизнес

Ресейдің бас идеологы Владислав Сурков қамауға алынды

KZNEWS

Ресей Президенті Владимир Путиннің бұрынғы кеңесшісі Владислав Сурков қамауға алынды, деп хабарлайды kznews.kz сайты.

Бұл туралы Ресей Федерациясы Мемлекеттік Думасының экс-депутаты, Украина қорғаныс күштерінің әскери қызметкері Илья Пономарев Facebook-те мәлімдеді.

"Сіз күлетін шығарсыз, бірақ ресейлік ақпарат көздері Владислав Сурковтың тұтқындалғаны туралы хабарлады. Ол үй қамауында. Сурковқа 2014 жылғы Донбасстағы ұрлық ісі бойынша тергеу шаралары жүргізілуде", - деп жазды ол.

Кезінде ол Ресейде "жауыз данышпан" лақап атымен танымал болған. Рамзан Қадыровпен жақын дос болған. Тіпті Қадыров Сурковқа Шешенстанға Президент болуды ұсынғанда бас тартқан-мыс. Жалпы Ресейде Сурковтың бас сұқпаған жері жоқ деуге болады.

Дереккөздерге сүйенсек, Сурков 2014 жылы Донбасста "азаттық қозғалысының" немесе Ресей Федерациясының арнайы операциясының бас сценаристі болған. Сондай-ақ Қырымды ешбір шығынсыз басып алу стратегиясының авторы болған деседі.

KZNEWS
Автордың басқа материалдары