Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Ресейде полицейлер құзыретін кеңейтуді ұсынды

Ресейде полицейлер құзыретін кеңейтуді ұсынды

Ресей ішкі істер министрлігі "Полиция туралы" заңға полицейлердің құқығы мен міндеттерін айқындайтын түзетулер енгізу жобасын дайындады. Азаттықтың Орыс қызметінің хабарлауынша, жобада ішкі істер министрлігінің қызметкерлеріне ұрлық жасады деген адамды тексеруге рұқсат беру ұсынылған.

Бұдан өзге, полицейлер азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнген жағдайда әуелі алдымен "жедел шаралар" жасап, содан кейін ғана күдіктіге немесе айыптыға өзін таныстырып, құқығын түсіндіруге ерік беру көзделген.

Ішкі істер министрлігі сонымен қатар полицейлерге "кейбір аймақтардың шекараларына" шектеу қойылған заттарды өткізбеу үшін адамдарды, олардың заттары мен жүктерін тексеру құқығын беруді ұсынады. Жобада нақты қандай аймақтар екені айтылмайды.

Ресей ішкі істер министрлігі сонымен қатар полицейлерге қылмыс үстінде ұсталып, қашып жүрген адамдарды ұстау үшін тұрғын үйлер мен басқа да ғимараттарға кіру құқығын беру қажет деп санайды. Заң жобасында құқық қорғау органдары қызметкерлеріне көліктегі адамдарға қауіп төнген жағдайда оларды құтқару үшін немесе қылмыскер көлікке кіріп бекініп алса азаматтарды құтқару үшін оны бұзып кіруге рұқсат беру қарастырылған.

Ресейде қолданыстағы заң бойынша, полицейлер азаматтарды егер оларда қару, оқ-дәрі, жарылатын зат, жарылғыш құрылғы, есірткі, психотроптық, улы немесе радиоактивтік зат бар деген мәліметі болған жағдайда тексеруге хақы бар.

Дереккөз: Азаттық
Автор
Арман