KZNEWS.KZ
Шоу-бизнес

Ресейде әскери тікұшақ құлап, төрт адам қаза болды (видео) - Қазақстан жаңалықтары

• Нұрсұлтан

Ресейде әскери тікұшақ апатқа ұшырап, төрт адам қаза болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Оқиға Чукоткада бүгін, 26 мамырда орын алды. Ми-8 тікұшағының құлаған сәті видеоға түсіп қалған. Бейнежазбада әскери борттың әуеге көтеріліп барып, артынша айналып, жерге құлағаны байқалады. 

Тікұшақта болған 4 адамдық экипаж мүшелері аман қалмаған. 

Алдын ала болжам бойынша, апаттың себебі - тікұшақта техникалық ақаулардың болуы. 

Қазіргі таңда аталмыш оқиға бойынша тексеріліс басталып, қылмыстық іс қозғалған. 


stan.kz
Нұрсұлтан
Журналист
Автордың басқа материалдары →