НҰР-СҰЛТАН, 22 қаңтар — Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин министрлер кабинетінің жаңа құрамы туралы жарлыққа қол қойды.
Оған сәйкес, Ресейдің премьер-министрі орынбасарларының саны тоғызға дейін қысқарды, деп хабарлады Ресей үкіметінің баспасөз қызметі.
"Үкімет төрағасының тоғыз орынбасары болады. Олардың құрамына үкімет төрағасының бірінші орынбасары, Қиыр Шығыс федералды округіндегі Ресей президентінің өкілі - үкімет төрағасының орынбасары және Ресей үкіметі аппаратының жетекшісі - үкімет төрағасының орынбасары енеді", - деп жазылған құжатта.