KZNEWS.KZ
Әлеумет

Ресейге жұмысқа барған қазақстандықтар Тоқаевтың араласуынан кейін соғыс аймағынан елге оралды

• Жарқын Омаров
ашық дереккөз

Заңгер әлеуметтік желідегі парақшасында азаматтардың елге оралуына көмектескен адамдарға алғыс айтты. Әсіресе, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев пен Сыртқы істер министрлігінің осы іске атсалысқан әрбір өкіліне алғыс айтты.

«Бұл қуанышты сөзбен жеткізу мүмкін емес. Әуелі Алла, одан соң, әрине, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа, Сыртқы істер министрлігінің осы іске атсалысқан әрбір өкіліне және осы балалардың елге аман-есен оралуына титтей де болса себепші болған барша азаматтарға ата-аналардың атынан және өз атымнан шын жүректен алғысымды білдіремін», – деп жазды ол.

Қазанның басында Астанада Сыртқы істер министрлігінің алдына Ресейге жұмыс істеуге кетіп, кейін соғыс аймағына тап болған қазақстандықтардың ата-аналары, бауырлары мен жақындары жиналып, ұлдарын елге қайтаруға шара қабылдауды сұрады.

Осы оқиған кейін күні кеше заңгер Украинадағы соғыс аймағына тап болған 13 қазақстандықтың елге оралуға дайындалып жатқаны хабарлаған еді.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстаннан Ресейге жұмыс істейміз деп кеткен қазақстандықтардың әлеуметтік желіге өздері шығып, бейнеролик жариялады. Қайсар Алмаз есімді азамат әлеуметтік желіге президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан көмек сұраған еді.

Жарқын Омаров
C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салал...
Автордың басқа материалдары →