Жаңалықтар

Ресейдегі зауытта жұмыс істеген Қазақстанның екі азаматы өлі күйінде табылды

Дархан Тоқан Дархан Тоқан
Ресейдегі зауытта жұмыс істеген Қазақстанның екі азаматы өлі күйінде табылды
Фото: Ашық дереккөзі

Ресейдің Череповец қаласындағы металлургиялық комбинат аумағынан мердігер ұйымдарда жұмыс істеген Қазақстанның екі азаматы өлі күйінде табылды. Қазір оқиғаның нақты себептері анықталып жатыр, деп хабарлайды kznews.kz.

Оқиға «Северсталь» компаниясының негізгі активі саналатын Череповец металлургиялық комбинатының (ЧерМК) өндірістік алаңында тіркелген.

Компания мәліметінше, 14 қаңтар күні өндіріс аумағынан екі қызметкердің қаза тапқан күйі табылған. Қазіргі уақытта оқиға орнында арнайы қызметтер жұмыс істеп, өлімнің себебі тексеріліп жатыр.

Алдын ала мәліметтермен қатар, тексеру-тергеу шаралары да басталған. РФ Вологда облысы бойынша Тергеу комитеті жедел-тергеу тобының оқиға орнына шыққанын хабарлаған. Құзырлы орган өкілдері болған жайттың барлық мән-жайын анықтап жатқанын мәлімдеді.

«Северсталь» компаниясы қаза тапқандардың туған-туыстарына көңіл айтып, қайғыра көңіл білдірген. Дегенмен әзірге қайғылы оқиғаға не себеп болғаны нақтыланбаған. Тергеу нәтижесіне қарай қосымша ақпарат жариялануы мүмкін.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz