Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Ресейде Екатерина Биволға қылмыстық іс қозғалуы мүмкін

Ресейде Екатерина Биволға қылмыстық іс қозғалуы мүмкін

Қырғыздар мен қазақтарды балағаттаған Биволға қатысты Ресейде қылмыстық іс қозғалуы мүмкін, деп хабарлайды kznews.kz.

Ресей Ішкі істер министрлігі Екатерина Биволдың қырғыздар мен қазақтарға қатысты айтқан сөздерін тексере бастады. 

Бұған оның әлеуметтік желілерде қырғыздар мен қазақтарды ұлтына қарай қорлайтын сөздері бар видеоны жариялауы себеп болды. Бұл туралы «Газета.Ru» басылымына Ресей ІІМ-нің азаматтық институттар және бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл басқармасында хабарлаған.

- Айтылған жайттарға байланысты тексерісті Санкт-Петербург және Ленинград облысы бойынша Ресей ІІМ басты басқармасы жүргізіп жатыр, — деп мәлімдеді «Газета.Ru»-ға басқарма басшысының орынбасары Евгений Артемов.

ЭКСТРАДИЦИЯ

Еске салайық, Қазақстан Ішкі істер органдары спортшы Дмитрий Биволдың бұрынғы жұбайы Екатерина Биволды елге қайтару мүмкіндігін қарастырып жатыр. 

ҚЫРҒЫЗСТАН

Бұған дейін Бішкек қалалық ішкі істер бас басқармасы Екатерина Биволға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаған болатын.

Автор
KZNEWS

Қазақстан және әлем жаңалықтары