KZNews.kz
Шоу-бизнес

Рэпер P.Diddy ақталып шықты

Айжан Сыланова
Фото: abc.net.ua

Комбске қарсы бес түрлі айып тағылған болатын. Соның ішінде сексуалдық құлдық пен ұйымдасқан қылмыстық әрекет (рэкеттік қастандық) бойынша ол кінәсіз деп танылды.

Алайда, жезөкшелікке итермелеу және жеңгетайлыққа қатысты екі эпизод бойынша P. Diddy-дің кінәсі дәлелденді. Енді сот оның жазасын анықтайды. Бұл айыптар бойынша ол әрбір іс үшін 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Егер ол сексуалдық құлдық бойынша кінәлі деп танылғанда, ең аз дегенде 15 жыл түрме жазасы қарастырылар еді. Ал рэкеттік қылмыс үшін өмір бойына сотталу қаупі болған. Енді мұндай ауыр жаза ықтималдығы жойылды.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →